ТӨЛЕБИ: САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ БЕРДІ

Бүгін Төлеби ауданының Қазақстан ауылындағы жалпы орта мектеп базасында маңызды әдістемелік іс-шара өтті. Аталған кездесу алдағы тамыз айында өткен Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары аясында, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған семинар-кеңес болды. Іс-шараға Көксәйек, Зертас және Жоғарғы Ақсу ауылдық округтеріндегі сайлау комиссияларының өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға сайлау науқанын заңнамалық талаптарға толық сәйкестендіру жолдары, учаскелік комиссиялардың техникалық және ұйымдастырушылық дайындығы, сондай-ақ дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Комиссия мүшелерінің құзыреттілігі, жауапкершілігі және атқаратын қызметтік міндеттері нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, болашақ сайлаудағы мүмкін болатын қиындықтардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар берілді.

Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Р.Сайлауұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сайлау өткізу тәртібі туралы толық ақпарат берді. Ол алдағы саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастырудың қоғамдық маңызына тоқталып, комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Семинар соңында қатысушылар тарапынан көтерілген өзекті сұрақтарға нақты әрі негізді жауаптар ұсынылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызды.

Мұндай оқыту семинарлары – сайлау процесінің заңдылығын, ашықтығын және адалдығын қамтамасыз етудегі маңызды құралдардың бірі. Олар комиссия мүшелерінің жауапкершілік сезімін күшейтіп, халықтың сеніміне ие болатын ашық әрі әділ сайлау процесін ұйымдастыруға тікелей ықпал етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар