ТҮРКІСТАН: ВЕЛОЖОЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан қаласында тұрғындардың өмірін жақсарту және оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Бұл бағыттағы маңызды жобалардың бірі – веложолдарды жаңғырту. Бұл бастама тек қаланың эстетикалық келбетін ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, жаяу жүру және велосипедпен қатынау сияқты экологиялық таза көлік түрлерін белсенді пайдалануына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жұмыстардың басым бөлігі Б.Саттарханов даңғылы бойында шоғырланған. Бұл стратегиялық маңызды даңғыл бойында жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайтын веложолдарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл учаскедегі жаңартылған веложолдар қауіпсіздікті арттырып, велосипедпен жүретіндерге ыңғайлы әрі жайлы жол ұсынады.

Қаланың басқа да маңызды аумақтарында веложолақтарды сызу және пайдалануға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда тас жолы бойында 12 шақырым, Кентау тас жолы бойында 3,5 шақырым, Байбұрт көшесінде 1 шақырым және С.Қожанов көшесінде 1,5 шақырым аумақта арнайы веложолақтар сызылды.

Жол жөндеу және жаңарту жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғасады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде қаланың көлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарады, тұрғындар үшін салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы орта қалыптасады. Веложолдарды дамыту – бұл тек қана жолды жаңарту емес, сонымен қатар қаланың болашағына, экологиялық тазалыққа және тұрғындардың денсаулығына инвестиция.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар