ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТЫНА ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚОСЫЛДЫ

Шымкентте жолаушылар тасымалы сапасын арттыру мақсатында №42 және №70 бағыттарда жаңа Yutong автобустары іске қосылды. Барлығы 30 автобус газ-метанмен жұмыс істеп, 65-85 адамға дейін сыйымдылыққа ие.

Көліктер халықаралық стандарттарға сай, GPS, бейнебақылау, электронды бағыт көрсеткіштері және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен жабдықталған. №42 бағытта 12, №70 бағытта 14 автобус қызмет көрсетеді.

Қала әкімдігі тасымалдау саласында бәсекелестікті арттырып, қызмет сапасын жақсартуға бағытталған шаралар қабылдауда, бұл жолаушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар