«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ КЕПІЛІ»: ОТЫРАРЛЫҚТАРДЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛУДА?

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2026 жыл — «Қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы деп жарияланған болатын. Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Отырар ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған ауқымды профилактикалық рейдтік іс-шара өтті.

Аталған шараны өткізу үшін құрамында құзырлы органдар мен әлеуметтік қызмет мамандары бар арнайы мобильді топ құрылды. Топ құрамына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, «Отбасын қолдау орталығының» мамандары, аудандық білім бөлімінің өкілдері және аудандық аурухананың психологы енді.

Рейдтің негізгі мақсаты — қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, отбасы институтын нығайту және балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету.

Мобильді топ мүшелері рейд барысында аудан тұрғындарымен жеке кездесулер ұйымдастырып, оларға құқықтық және психологиялық тұрғыда кеңестер берді. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және кәмелетке толмағандарды қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулер барысында тұрғындарға өзекті ақпараттар қамтылған арнайы жадынамалар таратылды.

«Мұндай бірлескен профилактикалық іс-шаралар — қоғамдағы қауіпсіздік ортасын қалыптастырудың маңызды бағыты. Біздің басты міндетіміз — әрбір баланың бақытты әрі қауіпсіз ортада өсуіне жағдай жасау, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды сақтап қалу», — деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Мамандардың айтуынша, ведомствоаралық өзара іс-қимыл алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Бұл бағыттағы жұмыстар ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әрбір отбасыға қажетті әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар