ТҮЛКІБАСТА ТӨРАҒАЛАР МЕН ОРЫНБАСАРЛАР БІЛІКТІЛІГІН ШЫҢДАДЫ

Ел болашағын айқындайтын маңызды саяси науқандардың сапалы өтуі көбінесе жергілікті сайлау комиссияларының жұмысына байланысты. Осы мақсатта Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарларына арналған арнайы оқыту семинары ұйымдастырылды.

Тәжірибе алмасу мен заң талаптарын біріздендіруді көздеген басқосуда сайлау үдерісін ұйымдастырудың қыр-сыры жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, дауыс беруге дайындық жұмыстарын жүргізу, халықты ақпараттандыру сапасын арттыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға кедергісіз қатысып, конституциялық құқықтарын толық пайдалануын қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді. Бұдан бөлек, сайлау күні комиссия мүшелерінің атқаратын тікелей міндеттері мен әрекеттерінің құқықтық шеңбері нақтылап өтілді.

Семинар соңы сұрақ-жауап алмасуға ұласып, қатысушылар өздерін толғандырған өзекті мәселелер мен заңнама нормалары бойынша сауалдар қойып, мамандардан толыққанды жауаптар алды. Мұндай жүйелі оқыту шаралары алдағы сайлау науқанын ашық, әрі әділ түрде жоғары деңгейде өткізуге негіз болатыны анық.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар