СОЗАҚ: ЖУАНТӨБЕ ӘКІМДІГІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы органдар халықпен тығыз байланыс орнатып, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге баса назар аударып келеді. Осы орайда Созақ ауданының Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында тұрғындар үшін кезекті «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік, құқықтық және шаруашылық бағытындағы сауалдарына тікелей жауап алып, тиісті мағлұматтарға қол жеткізді. Атап айтқанда, жиынға келген азаматтар тұрғын үй құжаттарын заңдастыру, көлік салығын есептету, декларация тапсыру және нотариаттық іс-әрекеттерге қатысты кеңестер алды. Сондай-ақ жастарды әскери сараптамадан өтуге қажетті құжаттарды дайындау тәртібі мен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, нақты шешімдер ұсынылды.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер тұрғындардың мемлекеттік орган жұмысына деген сенімін арттырып қана қоймай, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға айтарлықтай үлес қосады. Тұрғындардың мұқтаждығына дер кезінде құлақ түріп, шешім қабылдауға бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар