ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АСК ТӨРАҒАСЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫСТЫ

Сайрам ауданында Қарабұлақ ауылы әкімі лауазымына 31 мамырда өтетін сайлаудың алдында дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл маңызды саяси оқиғаның заңды, ашық және әділ өтуін қамтамасыз ету үшін Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Өсербаев  Қарабұлаққа жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында комиссия төрағасы мен атқарушы мамандар сайлау учаскелеріндегі жағдаймен танысып, әдістемелік көмек көрсетті. Назарға алынған негізгі мәселелердің қатарында учаскелердің материалдық-техникалық базасын тексеру, дауыс беру күніне қажетті логистикалық және техникалық жағдайларды қалыптастыру, сондай-ақ сайлау заңнамасының барлық талаптарының қатаң сақталуы айтылды.

Сонымен қатар, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесулер өткізіліп, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік ұсыныстар мен нақты кеңестер беріліп, сайлаушылардың құқықтарын қорғау және процесстің мінсіз ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді. Бұл шаралар Қарабұлақ ауылы әкімін сайлаудың биік деңгейде өтуіне және халықтың сеніміне ие нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар