Қазіргі таңда қоғамда «Адал азамат» тұжырымдамасын кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, әділдік және еңбекқорлық қасиеттерін сіңіру басты міндеттердің бірі болып отыр. Осы орайда Созақ ауданындағы Қозмолдақ ауылдық кітапханасы Сызған ауылдық клубымен бірлесіп, «Адал еңбек – жарқын өмір» атты мазмұнды ақпарат сағатын ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – жастардың санасына адалдық пен парасаттылық құндылықтарын терең сіңіру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін түпкілікті зиянын түсіндіру және өскелең ұрпақты заңды құрметтеуге, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. Жиын барысында қатысушылар адал еңбектің қадір-қасиеті, әділ қоғамды қалыптастырудағы әрбір азаматтың рөлі туралы ой қозғап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын кеңінен талқылады.
Сонымен қатар, кітапхана қабырғасында арнайы тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге заң талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адал еңбек және парасаттылық тақырыптарын қамтитын құнды кітаптар мен ақпараттық материалдар қойылып, оқырмандарға жан-жақты таныстырылды. Мұндай игі бастамалар жастардың бойында саналы көзқарас пен берік азаматтық ұстанымды қалыптастыруға зор үлес қосады.
