«ОТЫРАР» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 5 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Отырар ауданы – тарихи мұрасымен ғана емес, болашағы зор экономикалық әлеуетімен де ерекшеленетін аймақ. Соңғы жылдары ауданның индустриялық-инновациялық даму бағыты жаңа белеске көтеріліп, өңірдің экономикалық құрылымына тың серпін беруде. Бұл бағытты жүзеге асыруда аудан әкімдігі инновациялық жобаларды қолдауға, жаңа технологияларды енгізуге және кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән беруде. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуде.

Отырар ауданында инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуде. Қазіргі таңда Қарғалы ауылдық округіндегі «Отырар» индустриалды аймағында өндірістік парк жұмыс істеп тұр. Онда жалпы құны 305 млн теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылған.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы өндірістік паркке арнайы барып, іске асырылып жатқан жобалардың жұмысымен танысты. Сапар барысында өндірісті одан әрі дамыту, кәсіпкерлерге инфрақұрылымдық және құқықтық қолдау көрсету мәселелері талқыланып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Өндірістік парктегі маңызды жобалардың бірі – «Eliko Snacks» ЖШС жүзеге асырып жатқан кептірілген жеміс өндіру кәсіпорны. Заманауи технологияны қолданатын кәсіпорын өнім құрамындағы дәрумендер мен табиғи қасиеттерді сақтай отырып, ылғалды вакуумдық тәсілмен жою арқылы ұзақ мерзім сақтауға мүмкіндік береді. Жоба аясында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орнының тәуліктік қуаты 100 келі өнім өңдеуге жетеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар