Жоба жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетуді жақсартуға бағытталған. ӨТО тәулік бойы жұмыс істеп, шұғыл көмектен бастап оңалтуға дейінгі толық қызмет көрсетеді. Бұл науқастарды ірі қалаларға тасымалдау уақытын үнемдейді.
Орталықтар өңірлердегі травматологиялық қызметті үйлестіреді, телемедицина енгізіледі және кадрлар даярлау күшейтіледі. Пилоттық жоба Астана, Алматы және Балқашта іске асырылуда.
Жоба жарақаттардан болатын өлім мен мүгедектікті азайтуға, медициналық көмек көрсету уақытын қысқартуға және жоғары технологиялық медицинаның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
