САРЫАҒАШ: УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІН КӘСІБИ ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш ауданында алдағы сайлау науқанына дайындық аясында учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін кәсіби оқыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Дайындық каскадтық модель негізінде жүргізілуде. 

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен семинарға Ақжар, Дербісек, Жібек жолы, Жемісті ауылдық округтеріне қарасты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Семинарда Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Ажибеков сайлау процесіне қатысты барлық жұмыстар заң талаптарына сәйкес жүргізілуі қажеттігін атап өтті.

Оқыту барысында құқықтық рәсімдер, комиссия жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу және референдумды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, семинарда сайлау процесін ұйымдастырудағы заңнамалық талаптар, сайлаушылар тізімімен жұмыс жүргізу тәртібі, дауыс беру учаскелерін жабдықтау, байқаушыларды тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың сайлауға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Мұндай семинарлар сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттырып, сайлау процесінің ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуіне ықпал етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар