SHYMKENT HUB-ТА «ИДЕЯЛАР ШАЙҚАСЫ» ӨТЕДІ

Шымкент – заманауи технологиялар мен инновациялардың дамуына жол ашып, жаңа мүмкіндіктерге ұмтылған қала. Осы мақсатта құрылған Shymkent Hub – батылдық, креатив пен инновацияның тоғысқан алаңына айналды. Shymkent Hub  инновациялық паркі 13 қарашада  өз идеясына сарапшылардан шынайы пікір естуге ниетті жастар үшін Idea battle  — «идеялар шайқасын» ұйымдастырмақ.  

Idea battle – жаңашыл ойларды ортаға салып, оларды дамытуға, жетілдіруге және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей платформа. Бұл тек идеяларды ұсыну ғана емес, сонымен қатар оны дамытуға бағытталған кешенді іс-шара.

«Идеялар шайқасында» жастар сарапшылар мен қатысушылар алдында идеясын таныстырады.  Олардың идеясын саланың үздік мамандары, тәжірибелі кәсіпкерлер және белсенді жастар бағалайды. Бұл – «шайқасқа» қатысушының өз ойын нақтылап, қысқа әрі нұсқа жеткізу дағдысын шыңдауға тамаша мүмкіндік.

Іс-шара барысында сарапшылар жастардың идеясының әлеуетін ашуға, кемшіліктерін анықтауға және оны одан әрі дамытуға көмектесетін пайдалы кеңестер береді. Бұл  олардың жобасын келесі деңгейге көтеруге септігін тигізеді.

Idea battle, сонымен қатар, команда немесе серіктес табуға мүмкіндік береді.  Яғни, бұл — жаңа байланыстар орнатуға, бірлесіп жұмыс істейтін серіктестерді немесе идеяны жүзеге асыруға көмектесетін команда мүшелерін табуға таптырмас орта.

Іс-шара барысында жайлы атмосфераны қалыптастыру мақсатында пицца брейк ұйымдастырылады. Сондай-ақ, естелік ретінде Shymkent Hub-тың арнайы мерчтері таратылады.

Idea battle жеңімпаздарына мынадай қаржылай сыйақылар табысталады:

1-орын – 100 000 теңге,

2-орын – 60 000 теңге,

3-орын – 40 000 теңге.

Жастардың тек идеясы болса да «шайқасқа» қатысып, алғашқы қадамын жасауына мүмкіндігі бар. Бұл жерде идеяның қаншалықты дамығандығы маңызды емес, жаңашыл ой, оны жүзеге асыруға деген құлшыныс болса болғаны. Бұл – өз ойын сынап, оны дамытуға алғашқы қадам жасауға тамаша мүмкіндік.

«Идеялар шайқасы» 13 қараша күні сағат 16.00-де Shymkent Hub, Теріскей шағынауданы, 66/2 мекенжайында  басталады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар