ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының Президенті заң мен тәртіп мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл тақырып мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Заң мен тәртіп – қоғамның негізі, оларсыз әлеуметтік келісім мен дамудың мүмкіндігі болмайды. Заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Тек бірге әрекет еткенде ғана біз қауіпсіз, тұрақты және дамыған қоғамды құра аламыз. Заң мен тәртіп – біздің ортақ жауапкершілігіміз.

Осы маңызды бағытта жұмыстарды жалғастыра отырып, Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қарнақ ауылының «Қарнақ» жалпы білім беретін мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ – ортақ жауапкершілік» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

Бұл кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру, өз қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу болды.

Кездесуге Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері Ш.Абдуламитова, Кентау қалалық Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Н.Парманов, мектеп директоры М.Матмусаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Надир Хильватов пен Махсуда Абсадикова, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілі Н.Парманов оқушыларға қандай құқық бұзушылықтар кездесетіні, олардың салдары, сондай-ақ өздерін қорғау жолдары туралы толық ақпарат берді. Ол жасөспірімдер арасындағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы да түсіндіріп, заңды құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.

Жастар ресурстық орталығының қызметкері Ш.Абдуламитова жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар да өз тарапынан оқушылардың психологиялық жағдайына, олардың әлеуметтік бейімделуіне және кез келген қиын жағдайда көмекке жүгінуге болатындығына назар аударды.

Кездесуге қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Оларға заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық санасын қалыптастыру және қауіпсіздік дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстардың жалғасатыны айтылды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар