ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ – БІЛІМНІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жаңа технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осыған орай, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, инновациялық әдістерді меңгеруі өте маңызды. Осы бағыттағы ізденістердің жарқын үлгісі ретінде Шымкент қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі Мөлдір Жақыпованың ерен еңбегін атап өтуге болады.

Жас мұғалім жасанды интеллект технологияларын өз сабақтарында белсенді қолданып, оқушылардың білім алуына жаңаша серпін беруде. Ол оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оларды сын тұрғысынан ойлауға баулуға ерекше көңіл бөледі. Жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы Мөлдір Асылбекқызы сабақтарды одан әрі қызықты, интерактивті және тиімді өткізуге қол жеткізіп отыр. Оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындауда, проблемаларды шешуде жаңашыл тәсілдерді қолдануына жағдай жасалуда.

Мөлдір Асылбекқызы өз кәсіби дамуына үлкен мән беріп, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтында біліктілігін арттыру курсынан сәтті өтті. Бұл курс мұғалімдерге заманауи педагогикалық тәсілдерді, оқытудың жаңа әдістерін игеруге мүмкіндік берді.Ол, сонымен қатар, білім беру саласындағы ең өзекті бағыттардың бірі – жасанды интеллект технологияларына ерекше қызығушылық танытып, «Өрлеу» онлайн платформасында жасанды интеллект бойынша да арнайы курсты табысты аяқтап, тиісті сертификатқа ие болды. Бұл жетістік оның алдыңғы қатарлы білім беру үрдістеріне белсенді атсалысып, өз білімін үнемі жаңартып отыратындығын айғақтайды.

Мөлдір Асылбекқызы сияқты жаңашыл, ізденімпаз педагогтардың тәжірибесі – еліміздің білім сапасын арттырудың нақты кепілі. Олардың білім беруге деген адалдығы, жаңалыққа деген ұмтылысы, оқушылардың болашағына деген жауапкершілігі – біздің қоғамымыздың дамуына зор үлес қосады. Мұндай мұғалімдердің еңбегі бағаланып, олардың тәжірибесі басқа педагогтарға үлгі болып, білім беру жүйесінің одан әрі ілгерілеуіне жол ашады деп сенеміз.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар