2 ТАМЫЗДАН БАСТАП КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ТОЛЫҚ ҚҰРАМДА ЖҰМЫСҚА КІРІСЕДІ

2 тамыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларының барлық құрамы толықтай жұмысқа кірісіп, алдағы маңызды саяси науқанға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Осыған орай бүгін Созақ ауданында учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларына алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша арнайы оқыту семинары өтті.

Жиын барысында комиссия мүшелері арасында міндеттер нақты бөлініп, дауыс беру күніне дайындық жұмыстарын жүргізу, сайлау учаскесінің үй-жайын бекітілген талаптарға сай жабдықтау және сайлау процесін ұйымдастыру тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ учаскелік комиссия төрағаларының тікелей міндеттері мен жауапкершілігі сөз болды.

Семинарда комиссия мүшелерінің өзара үйлесімді әрекет етуі мен сайлау процесін қатаң түрде заң талаптарына сәйкес сапалы ұйымдастырудың маңызына ерекше назар аударылды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар