ТРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 81,3%-Ы МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕЛГЕН

Ұлт денсаулығын нығайту және азаматтарды әлеуметтік қолдау — Мемлекет басшысының назарындағы мәселе. Президент Жолдауында жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру негізінде биыл жазда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жұмыс әрбір азамат үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Басты мақсат – халықтың өмір сүру жасын ұзарта түсу.

Түркістан қаласы – еліміздің рухани және тарихи орталығы ретінде, сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың белсенді жүзеге асырылып жатқан аймағы. Қазіргі таңда қалада 18 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде. Қала тұрғындарының жалпы саны 269 285 болса, оның 219 135-і (81,3%) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген. Бұл көрсеткіш жүйенің кеңінен таралып, халықтың оған деген сенімінің артып келе жатқанын көрсетеді. Алайда, 48 792 тұрғынның әлі де сақтандырылмағаны анықталды. Бұл мәселені шешу – қала әкімдігінің алдағы уақыттағы басты міндеттерінің бірі.

Мемлекет басшысының цифрландыруға баса назар аударуы медицина саласында да айтарлықтай нәтижелер берді. Түркістан қаласында тұрғындардың 87%-ы мобильдік қосымшаларды белсенді пайдаланады. Жыл басынан бері электронды қабылдауға жазылу саны 863 421-ге жетті. Бұл – дәрігерлердің уақытын тиімді пайдалануға, пациенттердің кезекте тұруын азайтуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Электрондық медициналық жазбалардың көлемі 1,3 миллионнан асып, электрондық денсаулық паспорттарының қамтылуы 98,9%-ды құрайды. Бұл деректер – медициналық ақпаратты басқарудың заманауи жүйесінің қалыптасқанын және пациенттердің жеке медициналық тарихына оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айғақтайды.

Мемлекеттің ең басты байлығы  адам өмірі мен денсаулығы екені белгілі. Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі қала тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты, Түркістан қалалық әкімдігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кеңінен түсіндіру бағытындағы жұмысты күшейтуде. Сақтандырылмаған 48 792 тұрғының бұл жүйеге тіркелуіне ықпал ету, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ жүйенің артықшылықтарын насихаттау. Бұл үшін арнайы ақпараттық кампаниялар, кездесулер мен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Келесі мәселе – материалдық-техникалық базаны нығайту. Медициналық ұйымдарды қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толықтыру – сапалы медициналық көмек көрсетудің негізі. Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға баса назар аударады. Бұл пациенттерге көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, емдеу процесін тиімдірек етеді.

Тағы бір мәселе – цифрландыруды одан әрі дамыту. Мобильдік қосымшалар мен электрондық жүйелерді пайдалануды кеңейту, медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы медициналық қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру. Бұл пациенттердің өз денсаулығына қатысты ақпаратты оңай алуына, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Бұл орайда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықтың сенімін арттыру аса маңызды. Азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайту – бұл ұзақ мерзімді және маңызды міндет. Ашықтық, сапалы қызмет көрсету және азаматтардың құқықтарын қорғау арқылы бұл мақсатқа жетуге болады.

Түркістан қаласының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, ұлт денсаулығын нығайту және азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады. Бұл шаралардың барлығы халықтың өмір сүру жасын ұзартуға, өмір сүру сапасын арттыруға және әрбір азаматтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар