ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА СМАРТ БЕЙНЕЖЕТОНДАР ЕНГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында келісілген меморандум аясында медицина саласында смарт бейнежетондар пилоттық режимде енгізілуде. Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов пен басқарма мамандары Жедел жәрдем стансасына барып, 103 көлігімен шақыртуларға шығатын дәрігерлер мен фельдшерлерге бейнежетонмен жұмыс істеу тетіктерін үйретті.  

Бұл жоба медицина қызметкерлерінің шақыртуларға шығу кезіндегі қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және шабуылдар, жанжал жағдайлар және қызметтік міндеттерін орындау кезінде агрессия көріністері жағдайында оларды заңды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бейне жетондарда SOS батырмасы, геолокация функциясы және ауысым аяқталғаннан кейін жазбаларды автоматты түрде алу мүмкіндігі бар. Барлық құрылғылар қорғалған орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылған.

«Смарт бейнежетондар — бұл медицина қызметкерлерінің қауіпсіздік деңгейін арттыратын және денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімділікті нығайтатын практикалық құрал. Бұл пилоттық жоба технологияның адамдар — дәрігерлер мен пациенттердің мүддесі үшін қалай тиімді жұмыс істей алатынын көрсетеді», — деді Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.

Жүйе толыққанды жұмыс істеуі үшін жабдықты баптап, қызметкерлерге нұсқау беріледі. SOS сигналы мен бейне сигналы автоматты түрде ішкі істер органдары жүйесіне беріледі.

— Смарт-бейнежетондар тек цифрлық шешім емес. Бұл қауіпсіздікті, ашықтықты және заңды қорғауды қамтамасыз ететін технология. Ол фельдшерлерге ғана емес, пациенттерге де көмек кәсіби және барлық құқықтарды сақтай отырып көрсетілетініне сенімділік береді, — деп пилоттық жобаны іске қосушы мамандар.

Айта кетейік, жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, «Қазақтелеком» АҚ және Samsung компаниясының техникалық орындауымен іске асырылуда.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар